2017 жылдың 21 қазан күні физика-математикалық лицейінің төңірегінде 1-7сынып оқушылары үшін «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар Республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

         Конкурстың негізгі міндеттері:

  • зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;
  • оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қарым- қатынастарын ұйымдастыру;
  • қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту проблемасына көпшіліктің назарын аудару.
  • Конкурсқа жас зерттеушілер 1-7 сынып оқушылары, жеке және топтық құрамада қатысты.

    Конкурсқа 1-7 сынып оқушылары келесі секциялар бойынша ұсынды:

  • 1 секция – қазақ тілі және әдебиеті;
  • 2 секция – орыс тілі және әдебиеті;
  • 3 секция – математика;
  • 4 секция - информатика;
  • 5 секция – физика;
  • 6 секция - техника;
  • 7 секция – медицина;
  • 8 секция - жантану;
  • 9 секция – тарих;
  • 10 секция – өлкетану;
  • 11 секция - этномәдениеттану;
  • 12 секция –химия;
  • 13 секция - биология;
  • 14 секция – экология;
  • 15 секция – валеология;
  • 16 секция – ағылшын тілі.
  • Конкурсқа қаланың 34 білім мекемелерінен 476 жоба қатысты. Жобаларды ҚМПИ, А.Байтұрсынов ат.ҚМУ және ЧелМУ Қостанайфилиалының профессорлық-оқытушылар құрамасы бағалады. Барлық жобалар алуан түрлі тақырыптарды қамтыды, мысалы, «Ит өміріндегі математика рөлі», «Әулие Георгий әскери ордені», «Сағыздың сапалық құрамын зерттеу», «Ағылшын және француз фольклорындағы мифонимдер» т.б.  «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық жобаны қамтитын тақырыптар да болды: «Қазақстанның 10 танымал тұлғалары: белгілі – белгісіз», «ЕХРО бүгін – болашаққа көзқарас», «Қостанай қаласындағы «Амиго» ат спортының мысалында ат туризмінің қазіргі мүмкіндіктер», «Қостанай турист көзімен» т.б.

    476 жобаның 206 Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдергерлері атанды. Соның ішінде 35- бірінші орын, 55- екінші орын және 116 – үшінші орындар.  

    Конкурстың қорытындысы бойынша «Ең үздік команда» номинациясына ие болды:

  • инновациялық мектептер арасында – физика-математикалық лицейі;
  • аралас түрі мектептер арасында - №24А мектеп-гимназиясы;
  • жалпы білім білім беретін мектептер арасында - №9 орта мектебі.
  • Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

    Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздарды және жоба жетекшілерін жеңіспен құттықтаймыз!

    123

    456

    78

    9

     

    gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
     kazteleradio egov semya kaz