«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ-нің №2 және «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ 2017 жылғы 13 ақпандағы №197 бұйрығының орындалуы мақсатында, 2017 жылғы 15 ақпан мен 15 наурыз аралығында білім беру ұйымдарында «Мен және төтенше жағдайлар» айлығы өткізілді. Оған 20 мектеп және 3 бөбекжай-бақша қатысты. Айлық шеңберінде келесі іс-шаралар ұйымдастырылды: бірлескен дәрістер, нұсқаулықтар, сынып сағаттары, «Мен және төтенше жағдайлар» балалар шығармашылығы байқауы.

«Макет» номинациясында №30 орта мектебінің оқушысы Иськова Ангелина, №19 орта мектебінің оқушылары Антипина Дарья және Ли Полина 1-орын алды. «Презентация» номинациясында №3 мектеп-гимназиясының оқушысы Довбило Владимир 1-орын алды. «Шығарма» номинациясында С.Мәуленов атындағы гимназиясының оқушысы Махамбетәлі Меруерт және №19 орта мектебінің оқушысы Топтунова Анастасия жеңімпаз атанды. «Сурет» номинациясында №16 орта мектебінің оқушысы Комарницкая Анастасия және №19 орта мектебінің оқушысы Крупкин Тимофей 1-орынды иеленді.

123

45

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz