Воспитательный процесс

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Чапаев негізгі мектебі» ММ  өткізілген «Қамқорлық»        республикалық акциясы

 

2018-2019 оқу жылының 11 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» республикалық акциясы өтті. Бұл акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және көмекке мұқтаж өзге де санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ мұқтаж балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару. Акция барысында айлық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар негізінде бекітілген Қонай поселкесі бойынша 0-18 жас аралығындағы балалар тізімі анықталды. Рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Айлық кезінде мектеп ұжымы жомарттық танытып, көпбалалы отбасынан шыққан  8 сынып оқушысы Аскерова Асель мен 3 сынып оқушысы Алехин Севастьянға мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамассыз етті.

            «Жақсылық жан жадыратар» демекші.  «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы аясында жеке кәсіпкер «Айбат» басшысы Баймағанбетов Айбат Тасболатұлы көпбалалы отбасы Спанова Роза апайдың отбасына он үш мың көлемінде азық-түлікпен көмек көрсетті. “Көп түкірсе көл” деген емес пе? Қайырымды жандар біріксе, кез-келген ауыртпалықты жеңуге болады екен.

 

Уәли Әсел Қайрханқызы

әлеуметтік педагогі